Орталықтың директоры
Филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Мұсабекова Ұлжан Есеновна
«Қазақ тілі мен мәдениеті орталығы» 2003 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің (ММЛУ) қолдауымен ашылған. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының сенаторлары О. Әбдікәрімов, Ж. Әбділдин, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ректоры И.И. Халеева, Ресей Федерациясындағы
Қазақстан Республикасының Елші кеңесшілері К.И. Қобландин, Б.М. Досанов, Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері және ММЛУ-да қазақ тілін оқып жүрген студент жастар қатысты.
2007 жылдың маусымында қазақ тілін меңгерген бірінші мамандар Мәскеу мемлекеттік университетін бітіріп шықты. Қазіргі кезде бұл орталықта қазақ тілінен дәрістерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ұ.Е. Мұсабекова жүргізеді. Орталықта оқытушылар мен студенттердің қазақ тілі сабағына дайындалғанда әр түрлі мерекелік іс-шараларды өткізуде, ұйымдастырғанда көмегін тигізетін кітапхана, спутниктік теледидар, аудио және бейнежабдықтар, компьютерлік класс, компьютер арқылы қазақ тілін үйренетін бағдарламалар, Қазақстан Республикасы туралы түрлі-түсті альбомдар, ұлттық әшекейлер, плакаттар мен көрнекі құралдары бар.
«Қазақ тілі және мәдениеті орталығы» ММЛУ-да, ТМД мемлекеттерінің және Қазақстан Республикасының университеттерінде өткізілетін конференцияларға белсенді түрде қатысуда.
Орталықта қазақ тілін үйрену үстінде студенттер Қазақстан тарихы және мәдениетін оқиды. Орталықта мәдени және мәдени-ағарту іс-шаралары жиі ұйымдастырылады: Ресейдегі Қазақстан жылы аясында Қазақстан халқының Ассамблеясы өкілдерімен, Қазақстан республикасының Президент аппаратының төрағасының орынбасары Е.Утембаевпен, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Қ.Е. Күшербаевпен кездесулер өтті. «Қазақ тілі және мәдениеті орталығы» Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігімен және ММЛУ-дегі ТМД елдерінің тілі мен мәдениеті орталықтарымен өте тығыз байланысты жұмыс істейді.
